|
1970 жылы 6 шілдеде дүниеге келген. Білімі жоғары, 1988 жылы МЖПУ университетіне оқуға түсіп, бастауыш сынып мұғалімі мамандығын алған. 2003-2006 жылдар аралығында Шымкент университетінде «Тарих және география пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша білім алған. Еңбек өтілі – 33 жыл. Еңбек жолын 1991-1995 жылдар аралығында Қ.Байболов атындағы жалпы орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі ретінде бастаған. 1995-2005 жылдар аралығында Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарды. 2005-2009 жылдар аралығында Әңгірата бастауыш мектебінде мектеп меңгеруші қызметін атқарды. 2009-2017 жылдар аралығында №17 шағын жинақты білім мекемесінде, 2017-2021 жылдар аралығында Л.Тәжибаев шағын жинақты білім мекемесінде меңгеруші қызметін атқарды. 2021 жылдан бастап «М. Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ директоры болып тағайындалды. |
Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысының лауазымына тағайындауға арналған тестілеуден өткендігі туралы сертификат Түркістан облысында 28.04.2021ж
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139 бабының 1 тармағына сәйкес М.Әуезов атындағы жалпы орта мектеп директоры болып 17 қыркүйек 2021 ж Бұйрық №461 бойынша тағайындалдым
Телефон:
+7 771 139 65 21
Электрондық пошта:
Пікірлер қосу